Түркия Мьянма жайлы мәлімдеме жасады

Түркия Мьянмадағы жағдайдың өте қиын екенін және қатты алаңдап отырғанын білдірді.

1771565
Түркия Мьянма жайлы мәлімдеме жасады

Түркия 2021 жылы 1 ақпанда Мьянмада жасалған әскери төңкерістің бір жылдығына орай мәлімдеме жасады. Түркия Мьянмадағы жағдайдың өте қиын екенін және қатты алаңдап отырғанын білдірді. 

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Түркияның принцип ретінде әртүрлі төңкеріс және әскери килігулерге қарсы екені білдірілді. 

Мәлімдемеде "Мьянмада  2021 жылы 1 ақпанда жасалған әскери төңкерістің бір жылдығы  болуына қарамастан  жағдай өте қиын  және қатты алаңдап отырмыз" деп көрсетілді. 

Мәлімдемеде елде бейбітшілік және тұрақтылық орнатудың кепілі болған демократияның қайтадан қалыптасуы үшін тезірек қадам басылуы және жай халыққа бағытталған қанды қырғынның тоқтатылуы жайлы үндеу тасталды. 

Мәлімдемеде "Мьянмада  Рохинджа мұсылмандарының жағдайының жақсарылуы және Рохинджа мәселесіне түбегейлі шешім табу талпыныстарының жалғасуын күтеміз" делінді. 

 



Ұқсас жаңалықтар