«Ерен қысқы» операциялары жалғасуда
«Ерен қысқы» операцияларында бүгінге дейін 20 террорист залалсыздандырылды.
«Ерен қысқы» операциялары қыстың қақаған аязына қарамастан табанды түрде жалғасуда.
Алғашқы операция басталған 2021 жылы 7 қарашадан осы таңға дейін 20 террорист залалсыздандырылды.
Сепаратистік террорлық ұйым PKK-ны жою және аймақта тығылып жатқан террористерді залалсыздандыру мақсатымен басталған операцияда жандармерия арнайы жасақтары, Полиция арнайы жасақтары мен Қауіпсіздік қорғаушыларынан тұратын 1240 қызметкер міндет атқаруда.
Операцияда көптеген үңгір, баспана, қару-жарақ, бомба, жарылғыш және түрлі жабдықтар күйретілді.
Елдегі лаңкестіктің түбегейлі жойылуы мақсатында жүргізілген «Ерен қысқы» операциялары халқымыздың қолдауымен табанды түрде жалғасып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Алтун Түркия-Австрия жұмыс күші келісімінің маңыздылығына тоқталды
Фахреттин Алтун Түркия-Австрия жұмыс күші келісімінің 60 жылдығына арнайы мақала жазды.