Ердоған Педро Санчеспен бас қосты

Президент Ердоған Түркияға ресми сапармен келген Испания премьер-министрі Педро Санчеспен бірге қол қою рәсімі мен баспасөз жиналысына қатысты.

1735332
Ердоған Педро Санчеспен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"НАТО-ның көптеген мүшесі өкінішке орай, Түркиядағы патриот жүйелерін алып кеткенде, Испания бұлай істемеді. Испанияның осы тұғырынан басқа одақтастардың үлгі алуын тілеймін" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияға ресми сапармен келген Испания премьер-министрі Педро Санчеспен бірге қол қою рәсімі мен баспасөз жиналысына қатысты. 

Ердоған Испанияның 600-ден астам компаниясының Түркиядағы инвестицияларына разы екенін айтып:

"Испаниялық BBVA банкінің жариялаған мәлімдемесі Түркияға деген сенімнің нақтылы дәлелі" деді.

Ердоған Түркия мен Испанияның Еуропаның шығысы мен батыс шетіндегі стратегиялық маңызға ие екі НАТО одақтасы екенін білдіріп:

"Испания Түркияға орналастырылған патриот қорғаныс жүйелері арқылы одақтастық ұйымшылдықтың қандай болуы керектігін көрсетті. НАТО-ның көптеген мүшесі өкінішке орай, Түркиядағы патриот жүйелерін алып кеткенде, Испания бұлай істемеді. Испанияның осы тұғырынан басқа одақтастардың үлгі алуын тілеймін" деді.

Президент Ердоған:

"Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығымызды бекемдеуді тілеймін. Испаниямен бірге ұшақ кемесін жасадық және оны теңізге жібердік. Испаниямен тіпті ірі жұмыстар жасағымыз келеді" деп көрсетті.

Испания премьер-министрі Педро Санчес Испания мен Түркия қарым-қатынастарының керемет өреге жеткенін айтты.

Педро Санчес:

 "Түркияның Еуропа Одағының бір бөлшегі болуын қалаймыз. Түркия тек көрші ғана емес, Еуроодақ үшін ортақ және одақтас" деді.

Жиналыстан кейін Түркия мен Испания арасында 6 келісімге қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар