Президент Ердоған Ангола президенті Лоренсомен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Анголадағы ресми байланыстары жалғасуда.

1721257
Президент Ердоған Ангола президенті Лоренсомен бас қосты
erdogan angola1.jpg
erdogan angola.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған «3-ші Түркия-Африка іскер форумының» 21-22 қазан күндері Стамбулда  ұйымдастырылатынын мәлімдеді. 

Президент Ердоғанды ​кеше ​Луанда Кватро де Феверейро халықаралық әуежайында Ангола Сыртқы істер министрі Тете Антонио мен Түркияның Анголадағы елшісі Алп Ай қарсы алды. 

Луандадағы Президенттік сарайда мемлекеттік рәсіммен қарсы алынған президент Режеп Тайып Ердоған Ангола президенті Жуан Мануэль Гонсалвиш Лоренсомен оңаша және делегация аралық кездесуінің артынан бірлескен баспасөз мәслихаты өткізді. 

Президент Ердоған қорғаныс өнеркәсібі және террормен күресті Лоренсомен талқылағандарын, ынтымақтастық арқылы табысқа екі жақты қол жеткізудің ережесін қалыптастыру керектігін мәлімдеді.

3-ші Түркия-Африка іскер форумының 21-22 қазан күндері Стамбулда ұйымдастырылатынын білдірген Ердоған «17-18 желтоқсан күндері Стамбулда Түркия-Африка серіктестігінің 3-ші саммитін өткіземіз. Келесі жылдың 11-13 наурыз күндері ұйымдастырылатын «Анталия дипломатиялық форумына» қатысуға шақырамыз» деді. 

Коронавирус эпидемиясының жаһандық салада ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткенін білдірген Ердоған түрік жекеменшік саласының аурухана құрылысы мен фармацевтикалық өндіріс саласында ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.

Ердоған делегация аралық кездесудің екі ел үшін жаңа бір процестің бастау алуына себепші болуын тіледі. 

Ангола парламентіне үн қататын Президент Ердоған дәрігер Антонио Агостиньо Нето ескерткішіне барып, Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесі ұйымдастыратын Ангола-Түркия іскерлік форумына қатысады.



Ұқсас жаңалықтар