Түркия қорғаныс өнеркәсібін дамытуға бел байлады

Қорғаныс өнеркәсібі атқару комитетінің жиналысы президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығында өткізілді.

1719885
Түркия қорғаныс өнеркәсібін дамытуға бел байлады

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы Түркияның толық тәуелсіз қорғаныс  өнеркәсіп өндірісі нысанасына мықты қадаммен беталғанын білдірді.

Қорғаныс өнеркәсібі атқару комитетінің жиналысы президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында өтті.

Президенттік сарайда баспасөзге жабық өткізілген жиналыстан кейін Коммуникация басқармасы мәлімдемеде жасады.

Мәлімдемеде жиналыста Түрік Қарулы Күштері мен қауіпсіздік жасақтары қолданған жергілікті және ұлттық жүйелерге жаңасын қосуға бағытталған тақырыптар қолға алынғаны хабарланды.

Мәлімдемеде осы аяда электронды соғыс және радар жүйесі, хабарласу және мәлімет алу жүйелері, қару-жарақ пен зымырандар, түрліше платформалар, адамсыз құрлық көліктері, жабдықтар мен фитингтер, модернизация және жаңа технологияларға байланысты түрліше жобаларды атқаруға шешім жасалғаны білдірілді.

Мәлімдемеде:

"Түркия жергілікті және ұлттық жүйелер мен технологияларды жобалау, дамыту және өндіру шешімімен толық тәуелсіз қорғаныс өнеркәсіп өндірісі нысанасына мықты қадаммен беталуды жалғастырады" деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар