16 террорист залалсыздандырылды
Түрік қарулы күштері соңғы бес күнде барлығы 16 террористі залалсыздандырды.
Соңғы бес күнде Сирияда «Евфрат қалқаны» операциялық аймағында 13, «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағында 3, барлығы 16 террорист залалсыздандырылды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігінің хабарламасында «Терроризмді шыққан жерінде жоюға табанды қаһарман Түрік қарулы күштері соңғы бес күнде «Евфрат қалқаны» операциялық аймағында 13, «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағында 3, барлығы 16 террористі залалсыздандырды» деп айтылды.
Түрік Қарулы күштері Сирияның солтүстігіндегі террористердің індеріне бағыттап 24 тамыз 2016- 29 наурыз 2017 аралығында «Евфрат қалқаны» операциясын, 9 қазан 2019- 25 қараша 2019 арасында «Бейбітшілік бұлағы» операциясын жүргізген болатын.
Осы операциялар нәтижесінде аймақ террордан тазаланған еді.
Ұқсас жаңалықтар
PKK/YPG-лік 4 террорист залалсыздандырылды
«Пенче-Килит» операциялық аймағында анықталған PKK/YPG-лік 4 террорист залалсыздандырылды.
Министр Фидан ертең Македонияға аттанады
Министр Фидан Македонияда Оңтүстік-Шығыс Еуропа ынтымақтастығы саммитіне қатысады.