Президент Ердоған Үлкен жетілік саммитіне қатысады

«Үлкен жетілік» елдері басшыларының саммиті 13 маусымда Италияда басталады.

2152022
Президент Ердоған Үлкен жетілік саммитіне қатысады

Экономикасы дамыған жеті елдің (Үлкен жетілік) көшбасшылары 13 маусымда Италияда бас қосады.

Италия премьер-министрі Джорджия Мелонидің үй иелігінде өтетін Үлкен жетілік саммитіне АҚШ президенті Джо Байден, Германия канцлері Олаф Шольц, Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Жапония премьер-министрі Кисида Фумио, Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен және Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишельдің қатысуы күтілуде.

Саммиттің күн тәртібінде Израильдің Газадағы қырғындары, азық-түлік қауіпсіздігі, климаттың өзгеруі, Африкадағы даму, Қытаймен қарым-қатынас және жасанды интеллект сияқты тақырыптар қарастырылады.

Саммиттің ең маңызды қонақтарының бірі президент Режеп Тайып Ердоған болады.

Президент Ердоған саммиттің екінші күні 14 маусымда өтетін Африка, Жерорта теңізі, жасанды интеллект және энергия сессияларына қатысады және кейбір басшылармен екіжақты кездесулер өткізеді.



Ұқсас жаңалықтар