Түркиядан Грекияға наразылық

Түркия Грекияның Франциямен теңіз жауапкершілік аймақтарын да қамтитындай жасаған келісіміне наразылық көрсетті.

1713169
Түркиядан Грекияға наразылық

Түркия Грекия Қорғаныс министрінің Франциямен жасаған қорғаныс келісімінің теңіз жауапкершілік аймақтарын да қамтығаны жөніндегі мәлімдемесіне наразылық көрсетті.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Танджу Билгич жазбаша мәлімдемесінде Грекияның «теңіздегі жауапкершілік алаңы мен әуе кеңістігі» талаптарының халықаралық құқыққа қарама-қайшы екенін мәлімдеді.

Билгич мәлімдемесінде «Грекияның халықаралық қоғам тарапынан тергелген бұл айыптаулары НАТО одақтастығына зиян келтіреді, Түркияға қарсы өзара әскери одақтастық құру арқылы бізге мойындататынын ойлауы іші бос бір қиял. Мұндай бекер талпыныстар Эгей мен Жерорта теңізінде әрі өз құқығымыз, әрі Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құқығын қорғау тақырыбындағы табандылығымызды одан да арттырады» деді.

Билгич Грекияның ынтымақтастық орнына қару-жарақ, Түркияны оқшаулау және шеттету саясатының өзіне және мүшесі болған Еуроодаққа зиян келтіретінін және аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін проблемалы бір саясат екенін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар