Ердоған Ресеймен байланыстың маңыздылығына тоқталды

Ердоған мен Путин кездесу алдында бағаландырулар жасады.

1712314
Ердоған Ресеймен байланыстың маңыздылығына тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Түркия мен Ресей қарым-қатынастарын күн сайын бекемдей түсуіміз өте пайдалы" деді. 

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей Президенті Владимир Путин  Ресейдің Сочи қаласындағы Президенттік сарайдың  ресми ғимаратындағы кездесуі алдында бағаландыру жасады. 

Бағаландыруда Түркия мен Ресей қарым-қатынастарының өзгеше дамығанын, сауда мөлшерінің қазір жақсы жағдайда екенін айтқан Ердоған:

"Сауда мөлшері тіпті жақсы өреге жететініне сенемін. Әсіресе туризмде берген қолдауы үшін Путинге алғысым шексіз" деп көрсетті.

Ресейдің ынтымақтастығымен жасалған Мерсин Аккую Атом стансасы жайлы Ердоған:

"Алдағы жылы бірінші сатысының тұсауы кесіледі" деді.

Қорғаныс өнеркәсібінде Түркия мен Ресейдің бірге қадам басқанын айтқан Президент:

"Түркия мен Ресей қарым-қатынастарын күн сайын бекемдей түсуіміз өте пайдалы. Сирия жөнінде бірге басқан қадамдарымыз да маңызды. Ол жердегі бейбітшілік Түркия мен Ресей қарым-қатынастарына байланысты" деді.

Владимир Путин:

"Ердоғанмен кездесулеріміз үнемі ойдағыдай өте бермейді. Алайда қатысты ұйымдарымыз ымыраласудың жолын табады. Түркияның Ресейге инвестициялары 1.5 миллиард доллар, Ресейдің Түркияға инвестициялары 6.5 миллиард долларға жетті. Ірі жобалардың барлығы жоспармен жалғасуда" деді.

"Қарабахтағы ынтымақтастығымыз әрі атысты тоқтатуға, әрі алдағы кезеңде түбегейлі бейбітшіліктің орнауында маңызды болды" деген Путин:

"Түркиямен ынтымақтастығымыз халықаралық аренада табыспен жалғасуда. Мұнда әрі Сирия, әрі Ливан жайлы тұғырымызға меңзеудемін" деген бағаландыру жасады.

Ресей Президенттік сарайы Кремльдің мәлімдемешісі Дмитрий Песков Ердоған мен Путиннің алдымен оңаша, артынан жұмыс асында бас қосатынын хабарлады. 

Песков кездесуден кейін баспасөз жиналысы ұйымдастырылатынын жеткізді. 



Ұқсас жаңалықтар