Президент БҰҰ-да әлем басшыларына кітабын сыйлайды

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясы мен түрлі бағдарламаларға қатысу үшін Нью –Йоркке барады.

1707295
Президент БҰҰ-да әлем басшыларына кітабын сыйлайды

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясында өзімен кездесетін мүше елдердің басшыларына ағылшын, араб және француз тілдеріне аударылған «Әділ әлем мүмкін» деген кітабын ұсынады.

Президент Ердоған БҰҰ Бас Ассамблеясы мен түрлі бағдарламаларға қатысу үшін 19 қыркүйекте Нью –Йоркке барады.

Ердоған сонымен қатар ағылшын тілі, араб және француз тілдерінде дайындалған, Түркияның бүкіл адамзат үшін әділеттілік іздеуін егжей -тегжейлі сипаттайтын «Әділ әлем мүмкін» атты  кітабын өзімен кездесетін елдердің басшыларына сыйлайды.

Ердоған кітабында жаһандық саясаттың дилеммаларына, әсіресе әділетсіздікке, босқындар дағдарысына, халықаралық терроризмге және исламға қарсы әрекеттерге назар аударады.

Президент Ердоған бұл кітапта әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымының заңдылығы, функционалдығы, тиімділігі, инклюзивтілігі, өкілдігі мен басқару проблемаларына назар аударып,  Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде кешенді реформаның қажеттілігін ашып көрсетеді.

Кітапта БҰҰ-ны қайта құрылымдау бойынша ұсыныстар бар, айырықша «Әлем бестен үлкен» деген сөйлемде кездесетін, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымын өзгертуге бағытталған перспективаны іске асыру ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар