Террормен күрес табанды түрде жалғасуда

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар террормен күрестің табанды түрде жалғасып жатқанын білдірді.

1703910
Террормен күрес табанды түрде жалғасуда

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар кеше өткізілген Кабинет жиналысынан кейін террормен күрес жайлы маңызды мәлімдеме жасады.

Министр Акар "Террор ұйымдарына қарсы жүргізілген операцияларымыз жалғасуда. Ирактың солтүстігіне тығылған террористтердің залалсыздандырылуы үшін күрес жүргізудеміз. Күресімізді террористтерді түбегейлі жойғанға дейін жалғастырамыз" деді. 

23 сәуірде басталған және Ирактың солтүстігінде  Метина мен Авашин-Басиян аймақтарында бірдей уақытта жүргізілген "Пенче-Шимшек" және "Пенче-Йылдырым" операцияларының да табанды түрде жалғасқанын түсіндірген Акар террордың толық жойылатынын айтты

Хулуси Акар террормен күрес операциялары аясында Түрік Қарулы Күштерінің ел іші мен шекара сыртында үлкен табыстарға қол жеткізгенін тілге тиек етті.

 



Ұқсас жаңалықтар