Түрік әскері өзіне берілген тапсырманы лайықты түрде орындады

Министр түрік әскерлерінің Ауғанстаннан шығу істеріне байланысты сұрақтарға жауап берді.

1697570
Түрік әскері өзіне берілген тапсырманы лайықты түрде орындады

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар түрік әскерінің Ауғанстаннан кету процесінің ең қысқа уақытта аяқталатынын білдірді.

Министр түрік әскерлерінің Ауғанстаннан шығу істеріне байланысты сұрақтарға жауап берді. Ол түрік әскерінің өзіне берілген тапсырманы лайықты түрде атқарғанын айтты.  «Кабул әуежайында төтенше қарбаластық пен қиын шарттарға қарамастан үлкен олқылық болмастан Түрік Қарулы күштері қызметкерлері жоспарлы түрде міндетін орындады.  Міндетті лайықты түрде атқаруға тырысып жатыр. Біздің істерімізге берген көмектері үшін дос және бауырлас Пәкістан мен Тәжікстанға, аймақтағы одақтастарымызға алғыс айтамыз. Сыртқы істер министрлігі және басқа да қатысты органдармен үйлесімді түрде эвакуация істері жоспармен жүріп жатыр» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар