Түркия ең көп вакцина егілген 8-ші ел атанды

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинация көрсеткіштерін жариялады.

1696394
Түркия ең көп вакцина егілген 8-ші ел атанды

Дүниежүзі бойынша жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетіне қарсы  егілген вакциналар 5 миллиард дозадан асты.

Түркия 89 миллион 812 мың 875 дозамен ең көп вакцина егілген 8-ші ел атанды.

Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетіне қарсы вакцинация көрсеткіштері жарияланды. Осы көрсеткіш бойынша Қытайда егілген вакциналар  1 миллиард 960 миллион компонентпен бірінші орын иеледі. Одан кейін ретімен 582 миллион 240 мың дозамен Үндістан,   363 миллион  270 мың дозамен АҚШ, 178 миллион 550 мың дозамен Бразилия, 118 миллион 310 мың дозамен Жапония, 99 миллион 630 мың дозамен Германия, 89 миллион 830 мың дазамен Индонезия,  89 миллион 812 мың 875 дозамен Түркия, 89 миллион 500 мың дозамен Ұлыбритания, 83 миллион 940 мың дозамен Франция,  80 миллион 890 мың дозамен Мексика, 76 миллион 960 мың дозамен Ресей және 75 миллион 620 мың дозамен Италия орын алды. 



Ұқсас жаңалықтар