Ердоған Джонсонмен телефонда сөйлесті
Ердоған Түркияның Кабул әуежайының қауіпсіздігін қамдау жауапкерлігін шарттар лайықты болғанда жалғасты атқаратынын білдірді.
![Ердоған Джонсонмен телефонда сөйлесті](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/2e7f/09bf/bece/61226bf3e2517.jpg?time=1718876250)
Президент Режеп Тайып Ердоған Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен телефонда сөйлесті.
Президенттік сарайдың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде телефондағы әңгімеде екі ел қарым-қатынастарын дамытатын жағдайлар мен Ауғанстандағы оқиғалар және көш мәселелері талқыланғаны білдірілді.
Президент Режеп Тайып Ердоған телефондағы әңгімеде Түркияның Ауғанстандағы азаматтарды қайтару басты тақырыбы екенін айтып, Кабул әуежайының қауіпсіздігін қамдау жауапкерлігін шарттар лайықты болғанда жалғасты атқаратынын білдірді.
Ауғанстан мен Иранда қажетті шарттар қамдалмаса, жаңа көш жалғасатынын айтқан Ердоған ауған тұрақсыз көші дағдарысқа айналмай Еуропа елдерін қамтыған баршаның шынайы міндет атқаруы керектігін және халықаралық қоғамның осы тақырыпта бірлесуінің маңыздылығын атап айтты.Ауғанстаннан келетін көштің гуманитарлық трагедияға себеп болмауы үшін ауғандарға өз елінде және көрші елдерде жәрдем берілуі керектігін айтқан Ердоған БҰҰ Иммиграция жоғарғы кеңесін қамтыған БҰҰ ұйымдарының қаржылай көмегін көбейтіп, белсенді рол атқаруы арқылы көштің азаятынын атап көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
![Кечели Понти Патриархының мәлімдемесін жоққа шығарды](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/7349/36a1/9972/65fd850e363e8.jpg?time=1718876250)
Кечели Понти Патриархының мәлімдемесін жоққа шығарды
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Өнджү Кечели мәлімдеме жасады.
![Президент Ердоған мен Әлиев Бодрумда бас қосты](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/7680/6199/8634/6673c85490891.jpg?time=1718876250)
Президент Ердоған мен Әлиев Бодрумда бас қосты
Басшылар айттың 4-ші күні бір-бірін Құрбан айтпен құттықтады.