"Керек болса Талибанмен сөйлесеміз"

Президент Түркияның босқын қоймасы еместігін айтты.

1694202
"Керек болса Талибанмен сөйлесеміз"

Президент Режеп Тайып Ердоған: «Түркияның Еуропаның босқын қоймасы болу секілді бір міндеті, жауапкершілігі жоқ» деді. Президент Ердоған Министрлер кабинеті жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

Бас қаласы Талибанның қолына өткен Ауғанстандағы оқиғалар туралы президент: «Керек болса,  Талибан құратын үкіметпен де сөйлесіп,  ортақ мәселелерді талқылаймыз» деді.

Талибаннан қашып, басқа елдерді паналауға тырысқан ауғандар жөнінде «Түркияның Еуропаның босқын қоймасы болу секілді бір міндеті, жауапкершілігі жоқ» деді Ердоған. «Түркия әрине әркім кіріп шығып жүретін иесіз ел емес»деді ол. Президент Түркияның заңдарына,  ережелеріне,  тәртібіне бағынбайтындардың хаос бастайтын қимылдарына еш рұқсат бермейтінін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар