"Кабул әуежайының қауіпсіздігі үшін жұмыстанудамыз"

Қорғаныс министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді.

1693825
"Кабул әуежайының қауіпсіздігі үшін жұмыстанудамыз"

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ауғанстандағы әуежайының қауіпсіз түрде ашық қалуына және бүкіл Ауғанстанға қызмет беруіне жұмыстанғандарын айтты.

Министр журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Акар оқиғалардан кейін кеше 200-ден астам түрік азаматын Ауғанстаннан шығарғандарын айтып: «Әуежайдың ашық қалуына және бүкіл Ауғанстанға қызмет беруіне жұмыстанып жатырмыз» деді.

«Түрік Қарулы күштерінің басқа елдердің жасақтарымен бірге жұмыстануы нәтижесінде әуежайға ұшақтар сенімді түрде қонып, көтеріле бастады.  Соңғы екі күнде 64 рейс игерілді.  Осы арада түрлі елдер де өз азаматтарын Ауғанстаннан эвакуациялар үшін тырысып жатыр» деді ол.

Министр Акар қазірге дейін әуежайға ешбір шабуыл және килігудің болмағанын білдірді.  «Түрік әскерінің қауіпсіздігі үшін де барлық шаралар қолданылды. Басқаша бір жағдай болатын сезетін болсақ онда қосымша шаралар аламыз.  Қажетті жоспарымыз дайын тұр» деді министр.



Ұқсас жаңалықтар