Ердоғаннан Талибан мен Кабул әуежайы мәлімдемесі

Президент: Түркияның Ауғанстандағы әскери болмысы жаңа әкімшіліктің жұмысын жеңілдетеді.

1693533
Ердоғаннан Талибан мен Кабул әуежайы мәлімдемесі

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Ауғанстандағы әскери күштерінің жаңа әкімшіліктің де халықаралық аренадағы күшін арттырып, жұмысын жеңілдететінін айтты.

Президент Ердоған Талибан басшыларын қабылдай алатынын алдында айтқанын еске салып «Бұл ұстанымды бүгін де сақтаймыз. Талибан көшбасшыларының байсалды және болымды мәлімдемелерін құптаймыз. Ауған халқының тыныштығы, осы елде тұратын түрік қандастарымыздың әл-ауқаты мен еліміздің мүдделерін қорғауда кез-келген ынтымақтастыққа дайынбыз» деді.

Ауғанстандағы түрік сарбаздарының ешқашан жауынгерлік бір күш ретінде қызмет етпегенін атап көрсеткен Ердоған «Әскерлерімізді ешқашан шетелдік бір күш ретінде көрмедік немесе қолданған жоқпыз. Түркияның Ауғанстандағы әскери болмысы жаңа әкімшіліктің де халықаралық салада қолын күшейтіп, оның жұмысын жеңілдетеді. (Хамид Карзаи әуежайының қауіпсіздігі) Қазір алаңдағы жаңа шындықтарды назарға ала отырып жоспарымызды жасаймыз және келіссөздерімізді бұған сәйкес жалғастырамыз» деді.

Президент Ердоған «Әкімшілікте кім болмасын, жақсы мен жаман күнінде Ауғанстанның жанында болу әрі берілген уәдеге адалдық, әрі бауырластығымыздың талабы» деді.

2021 жылы 15 тамыз жексенбі күні Кабулды қоршап алған Талибан бұрынғы мемлекет басшысы Ашраф Ғанидің елден кетуі және үкімет күштерінің де қаладан толық шығуымен Кабулды бақылауға алған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар