Кувейт Түркияға 45 өрт сөндіруші жібереді

Орман өрттерімен күресті жалғастырған Түркияға көптеген ел қолдауын жалғастыруда.

1687393
Кувейт Түркияға 45 өрт сөндіруші жібереді

Кувейт Түркияға орман өрттерімен күреске қолдау үшін 45 адамнан тұратын өрт сөндіру тобы жібереді.

Орман өрттерімен күресті жалғастырған Түркияға көптеген ел қолдауын жалғастыруда.

Кувейт өрт сөндіру қызметі жалпы күштері бастығы Халид Микрад жеке Твиттер аккаунтынан орман өрттерімен күреске қолдау үшін 45 адамнан тұратын өрт сөндірушілер тобының бүгін Түркияға жіберілетінін хабарлады. Микрад орман өрттерімен күрес аясында ұқсас бір топтың әскери ұшақпен Грекияға да жіберілетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар