Түркия ең көп вакцинацияланған 9-шы ел болды

Бүгінге дейін Түркияда 53 миллион 494 мың 854 доза вакцина егілді.

1670140
Түркия ең көп вакцинацияланған 9-шы ел болды

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметтеріне қарағанда бүгінге дейін Түркияда 53 миллион 494 мың 854 доза вакцина егілді.

Түркия вакциналардың жалпы саны тұрғысынан әлемде 9-шы орында тұрса, 100 адам басына шаққандағы вакцина саны 63,11 болды.

Түркия уақытымен 15.11-ден бастап І компонентпен 36 миллион 183 мың 763 адам, ІІ компонентпен болса 15 миллион 821 мың 256 адам вакцина салдырды.



Ұқсас жаңалықтар