Ердоған Канал Стамбұл жобасын түсіндірді

Президент Режеп Тайып Ердоған жастармен бас қосып, олардың сұрақтарына жауап берді.

1668999
Ердоған Канал Стамбұл жобасын түсіндірді

Президент Режеп Тайып Ердоған жүргізілген зерттеулердің Канал Стамбұлдағы кеме қатынасының Босфор бұғазымен салыстырғанда 13 есе тіпті қауіпсіз екенін дәлелдегенін білдірді. 

Президент Ердоған жастармен бас қосып, жастардың сұрақтарына жауап берді. Канал Стамбұл арқылы тағы бір қадамның басылуының керектігін баяндап, Босфор бұғазының қазіргі жағдайын түсіндірді. 

Босфор бұғазында бұдан бұрын болған шырғалаңдарды мысал ретінде көрсеткен Ердоған "Бұл апаттардан біздің де тәжірибе қорытындылағанымыз жөн. Әсіресе жылына  45 мың кеме өткен Босфор бұғазының  бұл қатынастарға төзімділік көрсетуі мүмкін емес. Жасалған зерттеулер 2050 жылы бұл санақтың 78 мыңға шығатынын көрсетуде" деді. 

Президент Ердоған: "Әлемдегі ең ірі қала болған Стамбулдың бұғаз қатынасы және зілзалаға дайындық сияқты мәселелердің шешілуіне есе қосатын жоба қаланың болашағын құтқаратын бір мұра деп қараймыз.  Біз бір канал салып қана қоймай, сонымен бірге Стамбулға, елімізге кемежайларымен, экспортымен, өмір алаңдарымен адамдарымызға жайлы бір өмір тынысын ұсынамыз" деп көрсетті.

 

 



Ұқсас жаңалықтар