Түркияда коронавирус салдарынан 52 адам қайтыс болды.

Түркияда вакцинация саны 47 миллион дозадан асты.

1665649
Түркияда коронавирус салдарынан 52 адам қайтыс болды.

Түркияның коронавируспен күресінде соңғы 24 сағатта 52 өлім-жітім тіркелді.

Коронавирус басталған күннен бері қайтыс болғандардың жалпы саны 49 мың 576 кісіге көбейді. 

Бір күнде 215 мың 294 тест жасалып, 390 жаңа науқас анықталды. 

Соңғы 24 сағаттың ішінде 4 мың 883 адамға вирус жұққаны расталды.

Емі аяқталған 5 мың 937 адамды қосқанда, сауығып кеткендердің саны 5 миллион 275 мың 231 кісіге жетті.

Екінші жағынан Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияда ковид-19 вакцина санының 18:10-дан бастап 47 миллион дозадан асқанын мәлімдеді.

Министр Кожа Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «жалпы вакцинация саны сағат 18:10-да (Түркия уақытымен) 47 миллион дозадан асты. Оның ішінде кем дегенде 18 жасар азаматтардың 54%-ы бірінші дозаны салдырды» деді.



Ұқсас жаңалықтар