Неміс пен грек баспасөзінен түрік пилотсыз әуе көліктеріне мақтау

Неміс Die Welt газеті мен грек баспасөзі түріктің қарулы пилотсыз әуе көліктерінің жетістіктеріне ерекше назар аударды.

1653947
Неміс пен грек баспасөзінен түрік пилотсыз әуе көліктеріне мақтау

Неміс Die Welt газеті мен грек баспасөзі түріктің қарулы пилотсыз әуе көліктерінің жетістіктеріне ерекше назар аударды.

Die Welt газеті «Ықпалды түрік пилотсыз қарулы әуе көліктері экспортқа қаншалықты әсер етуде» тақырыпты хабарында түрік қарулы пилотсыз ұшақтарына тоқталды.

Жаңалықтарда НАТО-ға мүше Польшаның 24 дана түрік қарулы әуе көлігіне тапсырыс бергені еске салынды.

Пилотсыз қарулы әуе көліктерінің жоғары технологиямен жабдықталғанына назар аударып, «Түркия Америка Құрама Штаттары мен Израильдің орнын алады» деп пайым жасаған газет көптеген елдің «Байрактар TB2» сатып алғысы келетінін баса айтуда.

Грек баспасөзі болса өз саласының ең мықтыларының біріне саналатын «Байрактар TB2» пилотсыз әуе көлігінің көмегімен Түркияның Сирияда, Ирактың солтүстігі мен Таулы Қарабахта өзін дәлелдегенін және өз шекараларында одан мықты күшке айналғанын жазды.

Грекияның белгілі бір хабар порталы да «Түркияның пилотсыз қарулы әуе көліктері неліктен сонша сатылуда?» деген тақырыпта хабарын жариялаған. Хабарда түрік әуе көліктерінің сынақтардан сүрінбей өткенін жазған.



Ұқсас жаңалықтар