"Ислам дұшпандығы кең тарауда"

Президент: "Ислам әлемі бірлік болса, жемісін тез көреміз" деді.

1645426
"Ислам дұшпандығы кең тарауда"

Президент Режеп Тайып Ердоған «Әлемнің көптеген жерінде Исламға дұшпандық ауруы рак секілді тез тарауда» деді.

Ердоған 1- ші Халықаралық медиа және Исламофобия симпозиумында сөз сөйледі. Ол 11 қыркүйек шабуылынан кейін Америка бастаған «мұсылмандарды шайтан қылып көрету» стратегиясының көптеген қоғамның құрылымындағы Ислам дұшпандығын жарыққа шығарғанын айтты. «Кешегі күнге дейін «маргинал» деп қабылданған кейбір нәсілшіл қозғалыстардың енді саясаттың орталығына орнығуы батыстың баптақтан құтылудың орнына тереңге көмілуді таңдағанын көрсетеді» деді ол.

Ердоған «Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі болған еврей қырғынын арнайы тырнақшаға алғандар енді мұсылмандарды нысана қылып отыр» деді. Президент: «Мұсылмандарға бағытталған осы жаңа нәсілшілдікті батыстықтар «Исламофобия» деп жұмсартқысы келсе де,  біз шындығында мұның Ислам дұшпандығы екенін білеміз» деді.

«Исламофобияға душар болған қоғам мен елдердің бас қосып, халықаралық салада мықты коммуикация желісі құруы керек» деген президент Ердоған: «Ислам әлемі өз арасында бірлік болса, Ислам дұшпандығына қарсы жүргізілетін күрес қысқа уақытта жемісін береді. Әлемнің барлық жеріндегі ұжданы бар саясат қайраткерлері, зиялылары, медиа қызметкерлері және дін қайраткерлерін Ислам дұшпандығына қарсы қозғалысқа салуымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар