Измир және Чанаккаледе 113 босқын құтқарылды

Босқындар тексеруден өткеннен кейін Уәлаят миграция (Көші-қон) басқармасына жолданды.

1624541
Измир және Чанаккаледе 113 босқын құтқарылды

Измир және Чанаккале су айдындарында Грекия Жағалау қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған 113 босқын құтқарылды.

Босқындар тексеруден өткеннен кейін Уәлаят миграция (Көші-қон) басқармасына жолданды. 

Жағалау қауіпсіздік қолбасшылығы топтары  Грекияның Мидилли аралына барғысы келген адамдардың Чанаккаленің Айважык ауданы су айдынында  резеңке қайықпен жолға шыққаны жайлы хабарға орай аймаққа барды.

Қауіпсіздік топтар Грекия жағалау қауіпсіздігі тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған 54 босқыны құтқарды.
Кемежайға әкелінген босқындар тексерулерден кейін Уәлаят Көші-қон басқармасына тапсырылды. 

 



Ұқсас жаңалықтар