"Су - орны толмас ресурстардың бірі"

Президент топтық ашылу салтанатында сөз сөйледі.

1610613
"Су - орны толмас ресурстардың бірі"

Президент Режеп Тайып Ердоған судың барша жандылар үшін, сол секілді адамдар үшін де бас тартылмас нығмет екенін айтты. Ол тек өміріміз үшін емес,  экономикалық даму және өсім үшін де судың орны толмас ресурстардың бірі екенін білдірді.

Президент Ердоған «1-ші Су кеңесі таныстыру және 363 базаның топтық түрде ашылу» рәсімінде сөз сөйледі.

Президент өз сөзінде Мемлекеттік су істері тарапынан құрылысы аяқталған 363 базаның ашылуы арқылы экономикаға 427 миллион лира үлес қосылғанын айтты. Ол судың барша жандылар үшін, оның ішінде адамдар үшін де бас тартылмас нығмет екенін білдірді. «Су тек өміріміз үшін ғана емес, экономикалық даму мен өсім үшін де  орны толмас нәрсе.  Осы мұқтаждықты жалғасты қамдау үшін  ысырапқа кедергі болу керек» деді ол.

Президент 2025 жылға дейін жер бетінде су тапшылығы салдарынан 700 миллионнан астам адамның көш рискімен бетпе-бет қалуы мүмкін екенін атап көрсетті.  Ол тұрғын санымен бірге артқан азық-түлік және энергия сұранысы арқылы климат өзгерісінің де болашақта қиратушы әсері болатынын айтты.

Ердоған Түркияда соңғы 19 жылда 8697 жаңа база салынғанын, мұның 600-інің бөгет екенін атап көрсетті. Президент сонымен бірге мәжілісте су заңының жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар