Президент инвесторларға алғыс айтты

Түркияда ақылды телефон өндіріледі.

1610538
Президент инвесторларға алғыс айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның ақылды телефон өндірушілері үшін аймақтық база болу жолында жылжығанын айтты.

Ердоған Xiaomi және серігі Salcomp компаниясының ақылды телефон өндіру үшін Түркияға 30 миллион долларлық инвестиция салуына баға берді.  Ол компанияларға алғыс айтып,  Түркияның ақылды телефон өндіріс базасы болуын мақсат еткендерін,  осы бағытта мықты қадамдармен жылжығанын атап көрсетті. «Жылына 10 миллионнан астам ұялы телефон сатылатын, Еуропа, Ресей және Таяу Шығыс нарықтарын бірлестіріп тұрған Түркия ақылды телефон өндірушілері үшін аймықтың өндірісін базасы болу жолында алға жылжуда» деді ол.

Xiaomi және серігі Salcomp компаниясы шамамен 30 миллион долларлық инвестициямен Түркияда 14 мың шаршы метр алаңға зауыт құрады. Зауытта жылына бес миллион өнім өндіріліп,  екі мың адам жұмыспен қамтылады.

Президент: «Әлем елдері коронавирус эпидемиясымен қиналып жатқанда, Түркияға сенім білдірген,  еліміздің әлеуеті мен болашағына сенген барша инвесторларға алғыс айтамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар