«Мақсаттар мен міндеттерімізден әлдеқайда артта қалдық»

БҰҰ 75-ші Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкыр су саясаттары тақырыбында баяндама жасады.

1604323
«Мақсаттар мен міндеттерімізден әлдеқайда артта қалдық»

Біріккен Ұлттар Ұйымы 75-ші Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкыр суға қатысты нысаналардың жүзеге асырылуы тақырыбында жоспардан артта қалынғанын атап, шамамен 2,2 миллиард адамның қауіпсіз ауыз суына қол жеткізуден әлі мақұрым екенін атап көрсетті.

Волкан Бозкыр 2030 жылы сумен байланысты нысаналарды жүзеге асыруды ынталандыру үшін БҰҰ ұйымдастырған жиналыста баяндама жасады.

«Мақсаттар мен міндеттерімізден әлдеқайда артта қалдық» деген Бозкыр кеше өткен панель форматындағы жиналыстардың «көпжақты ынтымақтастықты кеңейту және сумен байланысты қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін нақты қадамдарды жылдамдатуға» бағытталған нысаналарға қол жеткізуге үлес қосатынын атап көрсетті.

Бозкыр қазіргі көрсеткіштерге қарағанда шамамен 2,2 миллиард адамның қауіпсіз ауыз суынан мақұрым екенін, 4,2 миллиард адамның зиянды ортада өмір сүргенін және әлі 2 миллиард адамның өзіне тиесілі бір әжетханасы болмағаны шындығын ескертті.

Волкан Бозкыр жаһандық бір эпидемияның ортасында болғандарына қарамастан 3 миллиард адамның негізгі қол жуу шарттарынан мақұрым екені мәліметін бөлісіп, су мәселесі шешілмейінше жаһандық бір өркендеудің жүзеге асырыла алмайтынына назар аударды. Су тұтынуындағы жаһандық теңсіздікке назар аударған Бозкыр «Миллиардтаған адамның таза ауыз суына немесе қолымызда жуудың негізгі құралдары жоқта осындай жоғары техникалық жаңашылдық пен жетістікке ие әлемде өмір сүруімізді ‘моральдық сәтсіздік’ деп түсіндіруге болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар