ТҰҰМ төрағасы Ауғанстан делегациясын қабылдады

Ауғанстанның Ауылшаруашылығы министрі Ануар Хак Ахади басшылығындағы ауған делегациясы Анкараға келді.

1598339
ТҰҰМ төрағасы Ауғанстан делегациясын қабылдады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Түркия мен Ауғанстанның әрдайым қуаныш пен қайғыда бірлік пен ынтымақтастық аясында қозғалғанын мәлімдеді.

Шентоп Ауғанстанның Ауылшаруашылығы, суару және мал шаруашылығы министрі Ануар Хак Ахади және қасындағы делегацияны қабылдады.

Қабылдауда айтқан сөзінде Шентоп екі ел арасында дипломатиялық ынтымақтастықты қайта орнатудың 100 жылдығы екенін еске салып, делегацияны бұл арнайы жылдықта ТҰҰМ шаңырағы астында көргеніне ризашылығын білдірді.

Түркия мен Ауғанстанның әрдайым қуаныш пен қайғыда бірлік пен ынтымақтастық аясында қозғалғанын атап көрсеткен Шентоп «Ауғанстан мен ауғандық бауырлардың көптен күткен бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізуін шын жүректен тілейміз» деді.

2020 жылының Қыркүйек айында басталған Ауғанстанға бейбітшілік әкелетін келіссөздердің тоқтап қалғанын білдірген Шентоп «Бұл кезеңде ауған бауырларымыздың ынтымақтастық аясында баршаны қамтитын бір түсінік және табандылықпен қозғалуына мән береміз. Біз сондай-ақ соңғы кездері Ауғанстанда қақтығыстардың көбейіп кеткеніне алаңдаушылықпен қараймыз. Соңғы 7 жылда ең жоғары деңгейге жеткен осы қақтығыстарды тоқтату және еліңізге бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін өз үлесімізді қосамыз» деді.

Ахади болса «Бейбітшілік - Ауғанстанның саяси өмірін жалғастыру үшін аса маңызды мәселе» деді. Министр Ахади дос елдердің де осы мағынада қолдау мен ынтасын күткендерін атап «Бұл тұрғыдан ең үлкен сенім артқан, достық қарым-қатынастарынан тартынбайтынымыз ел – Түркия» деді.



Ұқсас жаңалықтар