Әзербайжанмен іс-қимыл жоспары бекітілді
Октай Әзербайжан премьер-министрі Асадовпен бірге Түркия-Әзербайжан аралас экономикалық комиссиясы отырысына қатысты.
Вице-президент Фуат Октай Әзербайжанмен 138 шешімнен тұратын іс-қимыл жоспарына келіскендерін білдірді.
Октай Әзербайжан премьер-министрі Али Асадовпен бірге Түркия-Әзербайжан аралас экономикалық комиссиясы отырысына қатысты. Артынан мәлімдеме жариялап, екі жақты қатынастарға өріс беріп, жаңа іс-қимыл жоспарына келіскендерін айтты.
Октай: «Әзербайжанмен қол қойылған хаттама мен іс жоспары – 15 миллиард долларлық сауда айналымы нысанасы үшін маңызды саты» деді.
Октай келісілген жоспар аяасында басымдықтың басқыншы Армениядан құтқарылған аймақтардың жақсартылуына бағытталған жұмыстар екенін білдірді.
Әзербайжан премьер-министрі Асадов та аймақтағы барлық процестерде Әзербайжанның бауырлас Түркияның жанында екенін білдіріп: «Осы түбегейлі ұстанымымызды бүгін тағы бір рет бекіттік» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Ирактың солтүстігінде PKK-лық 4 террорист залалсыздандырылды
Ұлттық Қорғаныс министрлігі әуе операциясы туралы мәлімдеме жасады.