Президент жоғары оқу деңгейін мақтады

Президент кейбір жаңа нысандардың ашылу салтанатына қатысты.

1582580
Президент жоғары оқу деңгейін мақтады

Президент Режеп Тайып Ердоған инфрақұрылымға және адам күшіне жұмсалған инвестиция арқасында түрік жоғары оқу жүйесінің алғы деңгейге жеткенін айтты.

Президент Ризе қаласында Режеп Тайып Ердоған атындағы университет Инженерлік және архитектура факультетінің қосымша ғимараты мен Чайелі Педагогика факультеті ғимаратының ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Президент Ердоған: «Инфрақұрылымға және адам күшіне жұмсалған инвестиция арқасында түрік жоғары оқу жүйесі алғы деңгейге жетті. Оқытушы саны 70 мыңнан 180 мыңға жетті. Студент саны бойынша Еуропада университетке қолжетімділік тақырыбында бірінші орындамыз» деді.

«Түркия Республикасының жүз жылдығында 2023  мақсаттарына да жетіп, әлемнің ең ірі он экономикасы арасында да енеміз. Сеніп қозғалу – табысқа жетудің жартысы. Біз 18 жылда Республика тарихында істелгендерді еселеп атқардық» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар