Түркияда вакцина салдырғандар саны екі миллионнан асты

14 қаңтар күні басталған вакциналау жұмысы жалғасуда.

1575188
Түркияда вакцина салдырғандар саны екі миллионнан асты

Түркияда коронавирус эпидемиясымен күрес шеңберінде вакцина салғызған адам саны екі миллионнан асты.

«Ковид-19 вакцинасы Ұлттық стратегиясы» шеңберінде 14 қаңтар күні басталған вакциналау жұмысы жалғасуда.

Түркияға 30 желтоқсан күні жеткізілген CoronaVac вакцинасының үш миллион дозалық алғашқы партиясының сақталу, тарату және салу процестері сәттілікпен жүргізілді. Түркияның вакциналау тәжірибесі, мықты медициналық инфрақұрылымы арқасында ел көлемінде 19 күнде екі миллион 3 мың 325 адамға CoronaVac вакцинасы салынды.



Ұқсас жаңалықтар