Түркия Мьянмадағы төңкерісті қатал айыптады

Мәлімдемеде Түркияның әрқандай төңкеріс және әскери килігулерге қарсы екені баяндалды.

1574943
Түркия Мьянмадағы төңкерісті қатал айыптады

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Мьянма Қарулы күштерінің бүгін ел билігін өз қолына алғанына қатты алаңдағаны және қатал түрде айыптағаны білдіріліп, Түркияның әрқандай төңкеріс және әскери килігулерге қарсы екені баяндалды.

Мәлімдемеде "Мьянмада тұтқындалғаны жарияланған барлық лидерлердің, саяси тұлғалардың және азаматтық ұйымы өкілдерінің дереу қоя берілуін талап етеміз" делінді. 

Мәлімдемеде сонымен қатар" Мьянмада халықтың жігерімен құрылған жаңа парламенттің қысқа мерзім ішінде жиналуы, сайланған лидерлердің және демократиялық ұйымдардың алдына қойылған тосқауылдардың доғарылуы жөнінде үндеу тастаймыз" деген сөздер қолданылды. 

 



Ұқсас жаңалықтар