Тунистің бұрынғы президенті Ердоғанды мақтады

Марзики "Ердоған адами құндылықтар және демократия жағында болды" деді.

1573449
Тунистің бұрынғы президенті Ердоғанды мақтады

Тунистің бұрынғы президенті Мнусиф аль-Марзики президент Режеп Тайып Ердоғанның Мысырдың демократиялық жолдармен сайланған алғашқы президенті Мұхаммед Мурсиді әрқашан қолдағанын білдірді.

Мурси Демократия Қоры 25 қаңтар төңкерісінің 10 жылдығына орай видеоконференция арқылы "Қаңтардан осы таңға дейінгі 10 жыл. Төңкерістің лидері Мурси" атты іс-шара ұйымдастырды. 
Бұл іс-шараға қатысқан Тунистің бұрынғы президенті Мнусиф аль-Марзики Мурсидің Мысырдың араб әлеміндегі орнын қайтадан қалыптастыру және мемлекетті құқықтық жүйемен басқару үшін күрес жүргізгенін түсіндірді. 
Президент Ердоғанның Мурсиді қолдағанына орай мақтау сөз айтқан Марзики "Президент Режеп Тайып Ердоған өз мемлекетінде және халықаралық деңгейде Мурсиді қолдады" деді. 

Марзики "Ердоған адами құндылықтар және демократия жағында болды. Ол әр тұрғыдан керемет бір тұлға" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар