Хорватиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек

Хорватияға жылытқыштар мен шатырлар жолданды.

1558128
Хорватиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек

Хорватияда болған 6,2 балдық жер сілкінісінен кейін зардап шеккендерге Түркиядан көмек жеткізілді.

Апат және төтенше жағдай басқармасы (AFAD) хабарлама жариялап,  Хорватиядағы жер сілкінісінде жеті адамның қаза тапқанын,  28 кісінің жарақат алғанын білдірді.

Осы орайда Түркиядан жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға жылытқыштар мен шатырлар жеткізілді. Хабарламада «AFAD контейнерлерінің отызы 3 қаңтар күні кемемен жолға шықты.  Қалған 70 контейнер де 5 қаңтар күні жолға шықты» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар