Түрік дрондарын мақтады

Украина Теңіз күштері қолбасшысы түріктің ұшқышсыз әуе аппараттарын мақтады.

1556930
Түрік дрондарын мақтады

Украина Теңіз күштері қолбасшысы Олексий Нейжпапа түріктің ұшқышсыз әуе аппараттарын мақтады.

Bayraktar TB2 атты түрік аппараттары Әзербайжан, Ливия және Сириядағы табыстарымен әлемдегі орнын сақтап тұрса, Украина Теңіз күштері қолбасшысы олардың сатып алуға дайындалғандарын білдірді.

«Азаттық Еуропа радиосының» Украина қызметінің сұрақтарына жауап берген қолбасшы: «2021 жылы Теңіз күштері үшін түріктің Байрактар аппараттарын сатып аламыз» деді.

Bayraktar  ұшқышсыз әуе көліктерінің Қаратеңіз және Азак операциялық аймақтарында қолданысқа бағытталған жетілген тактика және техникалық ерекшеліктерге ие екенін айтқан Нейжпапа: «Түрік дрондарын әрі жағалау, әрі теңіздегі операцияларда қолдандық. Өте қабілетті» деді.

Ол Украина кеме жасау кәсіпорындарының НАТО стандарттарында технологияға ие болуы керектігіне назар аударып, Түркияда басталып, Украинада жасалуын жалғастыратын корветтер арқылы осы технологияға қолжетімділік қамдалатынын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар