Сомалиде қаза тапқан түріктердің мәйіттері елге әкелінді

Сомалиде 2 қаңтарда бір түрік фирмасына жасалған террорлық шабуылда 2 түрік азаматы қаза тапқан және 4 түрік азаматы да жарақат алған еді.

1556731
Сомалиде қаза тапқан түріктердің мәйіттері елге әкелінді

Сомалидегі террорлық  шабуылда қаза тапқан түрік жұмысшылары Селами Айдогду және Ердинч Генчтің мәйітері және оқиғада жарақат алған 4 жұмысшы Түрік әуе жолдарының ұшағымен елге әкелінді. 

Сомалидің астанасы Могадишодан ұшақпен Стамбул әуежайына келген жарақат алған жұмысшының бірі Өмер Айдогду журналисттерге жасаған мәлімдемесінде шабуылдың жұмыс істеп жатқан кезде болғанын айтты. 

Жарылыс болса сала жерге жатып тасалағандарын айтқан Айдогду "Әке мен бала екеуміз істеп жатқан едік. Шабуылда ұлым қаза тапты. Қатты қайғырудамын" деді. 

Айдогду Сомалиге жұмыс істеу үшін Чорумнан 6 кісінің барғанын білдірді. 

Шабуылда жарақат алған Явуз Ержан болса шабуылдың аянышты екенін, алайда тірі қалғанын түсіндіріп, "Бауырымыздан айрылдық. Өте қайғылы жағдай" деді. 

Оқиғада жарақат алған Имдат Узунжакөсе де оқиғаға орай қатты қайғырғанын баяндады. 

Шабуылда жарақат алған Шакир Четинкая болса ауруханаға апарылды. 

Сомалиде 2 қаңтарда бір түрік фирмасына жасалған террор шабуылда 2 түрік азаматы қаза тапқан және 4 түрік азаматы да жарақат алған еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар