Октайдан СКТР-на вакцина сүйіншісі

Вице-президент Фуат Октай Солтүстік Кипр Түрік Республикасы халқын жаңа жылмен құттықтады.

1555639
Октайдан СКТР-на вакцина сүйіншісі

Вице-президент Фуат Октай Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) халқын жаңа жылмен құттықтады.

Құттықтауында Октай «Құрметті Кипрлық түрік ағайындар. Тек қана елімізде емес, бүкіл әлем мен СКТР-да Ковид-19 салдарынан үлкен қиыншылықтармен бетпе-бет қалған 2020 жылын артты қалдырып жатқанда денсаулықтан бастап, көптеген жақсылық әкелетініне сенген 2021 жылын қарсы алдық» деді.

Жаңа жылға орай 2021 жылының алғаш сүйіншісін кипрлық түріктермен бөліскен Октай мәлімдемесінде «Эпидемиямен күрес аясында Түркияға әкелінген және алдымен денсаулық сақтау қызметкерлеріне егілетін Ковид-19 вакцинасын бірдей мақсатпен СКТР-дағы денсаулық сақтау қызметкерлеріне де егу үшiн СКТР-на жіберіледі» деді.

Октай «2021 жылының саулық, тыныштық және бақытқа толы бір жыл болуын тілей отырып, Кипр түрік халқының жаңа жылын шын жүректен құттықтаймын» деп мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар