«АҚШ Түркиямен ортақ жұмыс тобы құруды ұсынды»

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу баяндама жасады.

1554637
«АҚШ Түркиямен ортақ жұмыс тобы құруды ұсынды»

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Түркияға қарсы CAATS (АҚШ-тың қарсыластарымен күрес жөніндегі құқық қорғау қызметі) санкциялары бойынша бірлескен жұмыс тобын құру туралы ұсыныс жасағанын мәлімдеді. Мевлүт Чавушоғлу 2020 жылына қатысты Сыртқы саясатқа қатысты есеп беру жиналысында баяндама жасады.

Баяндамасында АҚШ-тың Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйелерін қамтамасыз еткен Түркияға бағытталған санкция шешіміне тоқталған Чавушоғлу АҚШ-тың Түркияға іске қосатын санкциялары тақырыбында ортақ жұмыс тобы құру туралы ұсыныс жасағанын білдірді.

«2020 жылы дипломатиялық қарым-қатынастарға мән бердік, тоқтап қалған жерлерде майданға шықтық. Осылайша қайтадан тоқтап қалған келіссөздер мен дипломатияның алдын аштық» деген Чавушоғлу «Бізді елемегендер енді жақсы біледі. Не істей алатынымызды баршаға көрсеттік» деді.

Түркия-Еуроодақ қарым-қатынастарына тоқталған Чавушоғлу «Келесі жылы Еуроодақпен қарым-қатынастарымызды одан болымды түрде жалғастыруға дайынбыз. Еуроодақтың да дайын болуын күтеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар