Министр Чавушоғлу Бангладешке барды

Чавушоғлу Бангладеш сыртқы істер министрі Абул Калам Абдул Моменмен кездесті.

1550354
Министр Чавушоғлу Бангладешке барды

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу ресми сапармен Бангладештің астанасы Даккаға барды.

Чавушоғлу сапар барысында Бангладеш сыртқы істер министрі Абул Калам Абдул Моменмен кездесті. Кездесуден кейін екі министр ортақ баспасөз жиналыс өткізді. 

Екі ел арасындағы сауда көлемінің өткен жылы мөлшермен бір миллиард доллар болғанын еске салған Чавушоғлу Бангладеш сыртқы істер министрі Моменнің Түркияға жасаған сапарында екі ел арасындағы сауда көлемінің 2 миллиард долларға шығару нысанасының күн тәртіпке келгенін атап өтті. 

Бангладешпен медицина саласындағы ынтымақтастыққа да тоқталған Чавушоғлу "Бангладеште түрік ауруханасының қалай салынатынын ақылдастық және түрлі үлгілер жөнінде жұмыс істеудеміз. Бангладеште ауруханалар саламыз" деді. 

Министр Чавушоғлу аракандық мұсылмандар тақырыбына да тоқталды. Чавушоғлу "Аракан халқына жасаған жәрдемдеріне орай Бангладеш үкіметіне тағы бір рет алғыс айтамын" деді. 

Бангладеш сыртқы істер министрі Абул Калам Абдул Момен де өткізілген кездесулерде екі елдің саяси және сауда қарым-қатынастарымен қатар инвестиция, экономикалық даму, жаңа типті коронавирус індетімен күресу және аракандық мұсылмандар тақырыптарының қолға алынғанын білдірді. 

Момен әсіресе Рохинджа дағдарысы барысында Түркияның және түрік халқының Бангладешке жәрдем бергеніне орай алғыс айтты. Момен "Түркия талай жылдан бері шынайы және сенімді дос екенін дәлелдеді" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар