Түркияда вирустан соңғы 24 сағатта 241 адам қайтыс болды

Эпидемия басталғалы қайтыс болғандар саны 17 мың 851 кісіге жетті.

1548422
Түркияда вирустан соңғы 24 сағатта 241 адам қайтыс болды

Түркияның жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күресте соңғы 24 сағатта 241 адам қайтыс болды.

Эпидемия басталғалы қайтыс болғандар саны 17 мың 851 кісіге жетті.

Бір күн ішінде 173 мың 132 сынама жүргізіліп, 4 мың 2 жаңа науқас анықталды. 1 күнде вирус жұқтырғандар саны 22 мың 195 кісіге жетті.

Ауруханадан шыққан 25 мың 516 адамды қосқанда сауығып кеткендер саны 1 миллион 779 мың 68 кісіге жетті.



Ұқсас жаңалықтар