Санкция тізіміне енген Исмаил Демирден АҚШ-қа наразылық

Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы төрағасы Исмаил Демир мәлімдеме жасады.

1545615
Санкция тізіміне енген Исмаил Демирден АҚШ-қа наразылық

Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы төрағасы Исмаил Демир «АҚШ-тың санкция шешімі әрі менің, әрі жұмыс тобымның ұстанымын өзгерте алмайды. Түрік Қорғаныс өнеркәсібіне ешкім кедергі жасай алмайды» деді.

Демир АҚШ-тың Түркияға бағытталған санкция шешімдеріне қатысты Твиттер парақшасынан мәлімдеме жасады.

«Президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында толығымен тәуелсіз қорғаныс өнеркәсібі нысанамызда табандымыз» деген Демир «Өзім немесе мекемеміз туралы шетелде қабылданған кез-келген бір шешім әрі менің, әрі жұмыс тобымның ұстанымын өзгерте алмайды. Қорғаныс өнеркәсібіне ешкім кедергі жасай алмайды» деді.

АҚШ Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесі сатып алғаны себепті Түркияға кейбір санкцияларды іске қосуға шешім қабылдаған болатын.

Санкция шешімі Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы төрағасы Исмаил Демирді де қамтыған болатын.



Ұқсас жаңалықтар