Президент Ердоғанның "Адам құқықтары күні" хабарламасы

ПрезидентЕрдоған 10 желтоқсан - Халықаралық адам құқықтары күніне орай хабарлама жариялады.

1543086
Президент Ердоғанның "Адам құқықтары күні" хабарламасы

Президент Режеп Тайып Ердоған коронавирус (Ковид-19) эпидемиясынан кейін қайтадан құрылатын әлемде барлық саясаттардың адам құқығының негізінде қалыптасу керек екенін мәлімдеді.

Ердоған 10 желтоқсан - Халықаралық адам құқықтары күніне орай жариялаған хабарламасында Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылдануының 72 жылдығымен түрік азаматтары мен бүкіл адамзат баласын құттықтады.

Президент бұдан 72 жыл бұрын қабылданған одан әділ, еркін және адамға негізделген бір әлемдік тәртіп орнату көзқарасымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының халықаралық қоғамның жауапкершіліктерін еске салатын маңызды бір құжат ерекшелігін әлі күнге дейін сақтағанын білдірді.

Ердоған басқару жүйесінің «халық өмір сүрсе, мемлекет өмір сүреді» деген қағидамен құрылған бір ел ретінде іске қосқандары реформалармен азаматтарының құқығы мен бостандығын шектейтін көптеген кедергіні жойғандарын атап көрсетті.

Қазіргі Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы үшін ең үлкен қауіп-қатерді мәдени нәсілшілдік, шетел дұшпандығы және исламофобия екенін тілге тиек еткен Ердоган батыс қоғамдарында Ковид-19 эпидемиясына қоса әсіресе наным мен ғибадат бостандығынан бастап декларациямен қамтамасыз етілген құқықты пайдалану барысында кедергілердің арта түскенін байқалғанын білдірді.

Ердоған «Миллиардтаған мұсылманның өмір сүру құқығынан әділ сотталу құқығына дейін негізгі еркіндіктері тапталған, «сөз бостандығы» сылтауымен қасиетті құндылықтар қорланған және өшпенді сөйлемдер бұқаралық ақпарат құралдары мен президенттік деңгейде ынталандырған қорқынышты бір көрініспен бетпе-бет тұрмыз. Ковид-19 эпидемиясынан кейін өзгеретін әлемде барлық саясаттарды адам құқығы шеңберінде құру және әділетсіздіктерді жоюдың тиімді механизмдерін жетілдіру қажет» деді.

Ердоған Түркияның негізгі бостандық пен еркіндіктерді қорғау күресінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясымен бұдан 72 жыл бұрын кепілдікке алынған құқығына қол жеткізе алмай жатқан миллиондаған адамның үміті болуды жалғастыратынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар