Президент Ердоған ЕО Басшылар саммитін бағалады

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркияға бағытталатын кез-келген бір санкция шешімінің Түркияны онша қызықтырмағанын атап көрсетті.

1542460
Президент Ердоған ЕО Басшылар саммитін бағалады

Президент Ердоған Әзербайжанға сапары алдында мәлімдеме жасап, ертең өтетін ЕО Басшылар саммитіне тоқталды.

«Түркияға бағытталатын кез-келген бір санкция шешімі Түркияны онша қызықтырмайды» деген президент 1963 жылдан бастап ЕО-ның Түркияға үздіксіз санкциялар жасап келгенін тілге тиек етті.

Ешбір уақытта Еуроодақтың әділ қозғалмағанын және берген уәделерін орындамағанына назар аударған Ердоған «Бірақ біз әрдайым шыдамымызды сақтадық және әлі де шыдап жатырмыз. Енді олардың қандай қадам басатынын көреміз, дегенмен шынайы, әділ басшылар бұл үдерісте берік тұрады. Олар Түркияға бағытталған мұндай ұстанымдарға жылы көзқараспен қарамайды» деді.

Ердоған Грекия премьер-министрі Кирякос Мичотакистің Жерорта теңізінің шығысы жайлы мәлімдемелері туралы болса «Негізі әрдайым келіссөз үстеліне отырудан қашып жүрген өздері. Ешбір уақыт бұлар үстелде отырған жоқ. Мұндай үстелден қашқақтау жалған саясаттың көрінісі. Біз бағытымыздан тайынған жоқпыз. Жерорта теңізінің шығысы туралы біздер өз құқығымыз бен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құқығын соңына дейін қорғауды жалғастырамыз. Бірақ Грекия бір көрші ретінде әділ қозғалатын болса, біздер де үстелде отыратын боламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар