Өкілетті елшілер президент Ердоғанға сенім хаттарын ұсынды

Президент Ердоған Малайзия, Швеция және Еуроодақ өкілетті елшілерін қабылдады.

1541109
Өкілетті елшілер президент Ердоғанға сенім хаттарын ұсынды
Staffan Herrström.jpg
Nikolaus Meyer-Landrut.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Малайзияның Түркиядағы елшісі Сазали Бин Мұстафа Кемалды қабылдады. Анкарадағы Президенттік сарайдағы қабылдауда өкілетті елші Сазали Ердоғанға сенім хат табыстады.

Сазали кейбір елшілік мүшелерін Президент Ердоғанмен таныстырғаннан кейін естелік фотосуретке түсті.

Режеп Тайып Ердоған Швецияның Түркиядағы өкілетті елшісі Стаффан Хельстрёмді қабылдады. Анкарадағы Президенттік сарайдағы қабылдауда өкілетті елші Хельстрём Ердоғанға сенім хат табыстады.

Хельстрёмнің жұбайы мен елшіліктің кейбір мүшелері Президент Ердоғанға таныстырылып, кейін естелік суретке түсті.

Ердоған Еуроодақтың Түркиядағы делегациясы басшысы, өкілетті елші Николас Мейер-Ландрутты да қабылдады.

Президенттік сарайдағы қабылдауда өкілетті елші Николас Мейер-Ландрут Ердоғанға сенім хат табыс етілді.

Николаус Мейер-Ландруттың жұбайы мен кейбір өкілетті елшілік қызметкерлері Президент Ердоғанға таныстырылған соң естелік фотосуретке түсті.



Ұқсас жаңалықтар