Ердоған Еуропа Одағына ескерту жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа Одағының стратегиялық жаңсақтықтардан  тезірек құтылуы керектігін айтты.

1540864
Ердоған Еуропа Одағына ескерту жасады

Ердоған Халықаралық Университеттер Кеңесі және Жерорта теңіз университеті тарапынан Анталияда ұйымдастырылған "Жеғыс жерорта теңізі" атты жиналысқа видиеоконференция арқылы қатысты. 

Режеп Тайып Ердоған "Еуропа Одағы стратегиялық жаңсақтықтардан тезірек құтылуы керек. Понти әкімшілі және Грекияның Шығыс Жерорта теңізінде ойына келгенінін істеуіне рұқсат бермегені абзал" деді. 

Одақ селбесуін сылтау ете отырып, Кипр түріктері мен Түркияға тіпті көп құқықсыздық әрекеттер жасалмауы керектігін айтқан Ердоған "Шығыс Жерорта теңізіне жағалауы болған барлық аймақ елдері және Кипр түріктері орын алатын бір конференция ұйымдастыру ұсымынысымыз әлі үстелде тұр. Қарсы тараптарымыздан Түркияның созан қолын ұстауын күтудеміз. Грекия секілді Жерорта теңізінде көршіміз болған барлық елдерді шығыс Жерорта теңізінде өз еркімен ойын ойнаудан бас тартуға шақырамыз. Байсалды, шын ниетті және ақылды түрде әрекет жасалған жағдайда барлық тараптардың құқығын қорғаған, өзара мүдделері негізінде бір шешім таба алатынымызға сенемін" деді. 

Ердоған Түркия сынды Жерорта теңізінің ең ұзын жағалау желістеріне ие еддің бұл жерде болған оқиғаларға қол қусырап қарап отырудың мүмкін емес екенін де білдірді. 

Президент Ердоған "Мемлекетіміздің Анталия жағалауларына қамап тастауды мақсат еткен жоспардың қабылдануға болмайтынын ашық айттық. Ешкімнің құқығына қол сұғу неиетіміз жоқ. Құқықтарымызды қолымыздан алуға тырысқан қарақшы пиғылға қарсы тұғыр көрсетудеміз. Біз Шығыс Жерорта теңіз мәселесінде дағдарыс тудыру жағында емеспін.Бейбітшілік, ынтымақтастық және әділеттің орындалуы жағындамыз" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар