Президент Ердоған СКТР-да аурухана ашылу рәсіміне қатысты

Президент Ердоған Никосияда Жедел жағдайлар ауруханасының ашылу рәсіміне қатысты.

1528193
Президент Ердоған СКТР-да аурухана ашылу рәсіміне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Никосия (Лефкоша) Жедел жағдайлар ауруханасының ашылу рәсіміне қатысты.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) 37-ші құрылу жылдығы іс-шаралары үшін кеше бас қала Никосияға барған Ердоған қалада Түркияның қолдауымен 45 күнде салынған Жедел жағдайлар ауруханасының салтанатты ашылуын әріптесі Эрсин Татармен жасады.

Ердоған мұнда жақсы хабар беріп, «500 төсектік тағы бір аурухананы иншалла Солтүстік Кипрде саламыз» деді.

Жаңа тип коронавирус эпидемиясының елінде ықпалды болған кезеңде өзінің премьер-министр екенін еске салған СКТР президенті Эрсин Татар «Бұл кезеңде біздерге әрдайым қолдау көрсеткен әрине атажұртымыз Түркия мен оның президенті Режеп Тайып Ердоған, вице-президент Фуат Октай және Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа болатын» деді.

Рәсімде сөз алған СКТР Денсаулық министрі Али Пилли қысқа мерзімде салынған Жедел жағдайлар ауруханасымен Түркияның жаһандық мағынада күшін тағы бір рет ортаға қойғанын атап көрсетті.

Екі президент 46 жылдан кейін жартылай ашылған Марашты да аралаған соң СКТР президенттік резиденциясында оңаша бас қосты.

Кездесуде Түркия мен СКТР арасындағы жақын ынтымақтастықты одан әрі күшейту үшін басылатын қадамдарға қоса Кипр мәселесі және Шығыс Жерорта теңізіндегі соңғы жаңалықтар туралы көзқарас алмасылғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар