Сыртқы істер министрінен мәлімдеме

Ол Түркияның әрқашан Әзербайжанның жанында болатынын айтты.

1525281
Сыртқы істер министрінен мәлімдеме

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Әзербайжан мен Арменияның Таулы Қарабахта Ресейдің араағайындығымен қақтығыстарды тоқтату үшін келісімге келгенін айтып: «Енді мұның қалай бақыланатыны тақырыбы бар.  Осы тақырыптарда да келіссөз жалғасуда» деді.

Министр Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевпен Анкарада кездесіп,  баспасөз мәслихатын өткізді. Министр осындағы сөзінде Түркияның әрқашан Әзербайжанның жанында болатынын айтты. «Бұл – Әзербайжан үшін үлкен табыс, жеңіс. Отыз жылдан бері басқыншылық астынағы жерлер азат етілді» деді ол.

Министр Чавушоғлу айырықша Қырғызстанда сайлаудан кейін болған оқиғаларға да тоқталып: «Сайлаудан кейінгі оқиғаларда бірінші болып көшеге шыққан Фетуллахшы террорлық ұйым жақтаушылары болды.  Халық осыны көрді және алаңнан оларды қуып шықты» деді.



Ұқсас жаңалықтар