Ұшқышсыз әуе көлігінің сынағы табысты өтті

Ол жерден басқару жүйесі жоқ алыс жерде қонды, қайта көтерілді.

1522223
Ұшқышсыз әуе көлігінің сынағы табысты өтті

Байкар компаниясы тарапынан отандық мүмкіндіктермен жетілдірілген Байрактар Акынжы ұшқышсыз көлігі сынақ шеңберінде жерден бақылау стансасы жоқ алыс алаңда толығымен өзі қонып, қайта көтерілді.

Байкар компаниясының техникалық директоры Селчук Байрактар осылай деп мәлімдеді.  Ол «Акынжы прототип 1 әуе көлігі алдымен Текирдағ Чорлудан көтерілді.  Орта биіктікте жүйе тану сынақтарынан өтті.  Артынан алыс алаңға қону сынағын жүргіздік.  Алдымен жақындады. Төменге келіп, қайта кетті және одан кейін екінші сынағында дөңгелектерін жолға қойып,  қайта көтерілді.  Енді Чорлуға оралады.  Отанымызға қайырлы болсын» деп жазды.

Байрактар Акынжы көлігі бірінші рет 2019 жылдың 6 желтоқсан күні ұшқан еді.

Көліктің жылдың аяғына дейін алғашқы сұранысы тапсырылады. Үшінші прототипінің интеграция процесі Байкар Ұлттық әуе көліктері зерттеу орталығында жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар