"Түркия өз жолын жалғастырады"

Президент Ердоған 29 қазан Республика мерекесіне байланысты жолдау жариялады.

1517403
"Түркия өз жолын жалғастырады"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның өз жолын жалғастыратынын айтты.

Президент Ердоған 29 қазан Республика мерекесіне байланысты жолдау жариялады. Ол жолдауында: «Республиканың 100 жылдығын тойлауға дайындық жүріп  жатқан осы кезеңде 2023 мақсаттарымызға жету табандылығымен жолымызды жалғастырамыз» деді.

Президент Ердоған мына сөздерге орын берді: «Ұлт Азаттық күресте жеті жасар баладан жетпіс жастағы қарияға дейін бір жағадан бас,  бір жеңнен қол шығарған ұлтымыз бүгін де бірлік-береке ішінде өз болашағын құрады. Түркияның өз еркімен қозғалғанына мазасызданғандардың сөздері мен істерінің ешбір мәні жоқ. Еліміз елдің айтқандарына көңіл бөлместен, өз мақсатына өзінің жоспары бойынша жылжи береді. Құрушылар осы Отанды дұшпандарының жоспарын бұзып, қалай құтқарған болса, біз де мақсатымызға солай жетуге табандымыз»

 



Ұқсас жаңалықтар