232 шетелдік босқын құтқарылды

Мугланың Мармарис ауданы су айдынында желкенді қайықтағы 232 шетелдік босқын құтқарылды.

1514380
232 шетелдік босқын құтқарылды

Мугланың Мармарис ауданы су айдынында желкенді қайықтағы 232 шетелдік босқын құтқарылды. 

Жағалау қауіпсіздік басқармасы топтары қайық ішінде Мугланың Мармарис ауданы су айдынында 121, Бодрум ауданы су айдынында 35 және Датча ауданы су айдынында 76 босқын болғаны жайлы мағлұматқа орай аймаққа барды. 

Қауіпсіздік топтары Грекия жағалау қауіпсіздігі тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылғаны анықталған 232 шетелдік босқынды қайықпен жағаға шығарды.
Кемежайға әкелінген босқындар тексерулерден кейін Уәлаят Көші-қон басқармасына тапсырылды.  



Ұқсас жаңалықтар